Өскемен
+4°
туман ветер 2 м/с, С
458.87 493.84 6

Қазақстанның солтүстігінде қар жауады – синоптиктер болжамы

26.09.2022, 11:41 48 0 Мадина Амангелдіқызы
Синоптиктердің болжауынша, ертең Қазақстанның солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, түнде соңы қарға ұласуы мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазгидромет таратқан ақпаратқа сәйкес, қалған өңірлерде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде найзағай ойнап, жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, солтүстікте, солтүстік-батыста бұршақ жауады.

Қостанай облысының солтүстігінде, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады.

Жамбыл, Қарағанды, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Павлодардың орталығында, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі туындайды. Алматы облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив