Өскемен
-6°
туман ветер 1 м/с, С
459.06 503.77 5.16

Министр алдағы күндері доллардың бағамы қалай болатынын айтты

29.03.2022, 12:45 108 0 Мадина Амангелдіқызы
ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ел бюджетіндегі доллардың болжамды бағамына, сондай-ақ мұнай құнына қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.


- "Доллар бағамын қайта қараймыз. Қазір бір доллардың бағасы 500 теңгеден төмен, тиісінше, бір жыл бойынша аз болады. Факторлардың қалыптасуына қарай, бағам тұрақтанып, ревальвация жүріп жатыр", - деді Әлібек Қуантыров Үкімет отырысының сыртында.

Ұлттық экономика министрлігінің басшысы мұнай құны бойынша мәселелерге де тоқталды. Оның айтуынша, Каспий құбыр консорциумында (КҚК) жөндеу жұмыстары жүргізілуде және алдағы екі-үш аптада жұмыс толық қалпына келуі тиіс.


- "КҚК - нің жекелеген техникалық қуаттылықтарының тоқтауы өтелетін болады, оның үстіне мұнай бағасының жоғары болғанының біз үшін артықшылығы бар", - деді Әлібек Қуантыров.


Министр мұнай бағасының барреліне 60 доллардан жоғары, бірақ 120 доллардан төмен болатынын атап өтті.

         

- "Біз болашаққа резервтердің болуы үшін әрдайым консервативті әдіс қолданамыз. Егер баға бюджетте болжанғаннан жоғары болса, онда, сәйкесінше, бізге қосымша түсімдер келеді. Бұл біздің қайта болжап, кейін оны толық ала алмағанымызға қарағанда жақсырақ", - деді Әлібек Қуантыров.
108
0
00

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив