Өскемен
-18°
небольшая облачность ветер 2 м/с, СВ
472.14 498.39 7.65

Шағын аудандарды дамыту жұмыстары жалғасуда - Өскемен

24.09.2022, 18:45 31 0 Мадина Амангелдіқызы

Өскеменде шағын аудандарды дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

22-ші тұрғын ауданындағы өзекті мәселелердің бірі - асфальт жолдардың болмауы. Қала әкімі Жақсылық Омардың айтуынша, биыл дамыту бағдарламасы аясында Құдайбердиев, Маметов, Уәлиханов және Жансүгіров көшелеріне асфальт төсеуге қаражат бөлінді. Жалпы ұзындығы - 1 300 метр. Мердігер жұмысқа өткен аптада кірісті.

Аблакетка кентінде екі балабақша жұмыс істейді, алайда орын жетіспеушілігі әлі де сақталып отыр. Қала әкімінің аудан тұрғындарымен кездесуінен кейін жедел шешім табылды. Челюскин, 1 мекен-жайындағы ғимаратта АБО-ның жергілікті филиалы орналасқан еді. Ол Асқар таудағы жаңа әлеуметтік орталыққа ауыстырылып, ғимарат инвесторға 140 орындық балабақшаны жабдықтау үшін берілді. Жаңа әлеуметтік нысан алғашқы балаларды осы жылы қабылдайды.

Айта кетсек, биыл барлығы алты жаңа балабақшаны іске қосу жоспарланған. Олардың екеуі қазір жұмысын бастап қойды.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив