Өскемен
-18°
туман ветер 2 м/с, СЗ
468.98 493.74 7.59

АвтоХҚО-ның жұмыс кестесі өзгереді – Өскемен

23.09.2022, 11:11 2 0 Ләззат Қанатқызы

Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінен бастап Өскемен қаласының АвтоХҚО  жұмыс кестесі өзгереді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ертеңнен бастап олар сенбі күні сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

-        Мамандандырылған ХҚО-ның жоғары жұмыс жүктемесіне байланысты мемлекетік корпорация жұмыс кестесін өзгерту туралы шешім қабылдады. Республика бойынша 20 АвтоХҚО-сы сенбі күндері жұмыс істейтін болады, - дейді ШҚО бойынша "Азаматтарға арналған үкіметтің" баспасөз қызметі

Кезекті «Мобильді ХҚО» қосымшасы, eGov mobile, EgovKzBot2.0 Телеграм-бот, eGov және 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алдын-ала брондауға болады.

Еске сала кетейік, АвтоХҚО-лар мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштерді сенбі күндері жергілікті уақыт бойынша 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылдайды, құжаттар 09-00-ден 15-00-ге дейін табысталады.

Өскемен қаласы бойынша кезекші Халыққа қызмет көрсету орталықтары №3 ХҚО Белинский 37а және АвтоХҚО Абай даңғылы 203/3 мекен-жайларында орналасқан.  

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив