Өскемен
+33°
переменная облачность ветер 3 м/с, В
444.85 477.19 5.42

Елімізде азық-түлік қоры жасалды. Неліктен?

11.03.2022, 15:09 134 0 Оразай Жеңісұлы

Елімізде негізгі азық-түлік тауарларының қоры жасалды. Қант тапшылығы болмайды, деп хабарлады ҚР Сауда және интеграция министрлігі.

«Өңірлер мен Сауда желілері одағының ақпараты бойынша, тұрақтандыру қорлары мен сауда объектілерінде қант қорлары жеткілікті», - деп мәлімдеді министрлік. 

Сондай-ақ жеткізушілердің географиясын кеңейту мақсатында дайын қант өндіру үшін басқа елдерден шикі қант сатып алу жұмысы жүріп жатқаны айтылды.

«Қазақстанда биыл тамыз айының соңына дейін кедендік баждарды төлемей 250 мың тонна қант әкелу мүмкіндігі бар», - деп нақтылай түсті ҚР Сауда және интеграция министрлігі.  

Қант бағасын тұрақты деңгейде ұстап тұру үшін орталықтағы және жергілікті атқарушы органдар сауда нысандарының «айналым схемасын» пайдалануды көздеп отыр.

134
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив