Катонқарағайда теңбіл тағы фототұзаққа ілікті

Катонқарағай ұлттық табиғи паркінің аумағында қар барысы фототұзаққа ілікті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Суретті желіге жариялаған парк қызметкерлері:
– Барыс тағы да келіп, баршаға сәлем жолдады, – деп әзілдеп жазды.
Жалпы теңбіл тағы «тұзаққа» бірінші рет түсіп тұрған жоқ. Мекеменің әлеуметтік желідегі парақшасына 2021 жылы бірнеше барыс суреті жарияланған.
«Қар барысы өте сақ. Адамдардың көзіне түсе бермейді. Дегенмен біздің қызметкерлер рейдтік іс-шара кездерінде барысты бақылап жүреді, – дейді Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылым бөлімінің басшысы Әлия Ғабдуллина.
Сонымен қатар оқыңыз