ШҚО әкімі Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Облыс әкімі Даниал Ахметов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында шығысқазақстандық әйелдер қауымын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
- Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Қай кезде де әйел жанының жылулығы мен сұлулығы, мейірімділігі мен кеңдігі, қамқорлығы әлемге рух беріп келеді. Бұл біздің - аналар мен әжелеріміз, әпкелеріміз бен қыздарымыз. Бүгінде әйелдер ірі кәсіпорындарды басқарып, көптеген саяси лауазымдарда, экономикалық және әлеуметтік салаларда белсенді рөл атқарып келеді. Біздің мұғалімдер мен дәрігерлеріміздің де басым бөлігі - әйелдер, олар болашақ ұрпақты тәрбиелеп, басты адами құндылықтарды сіңіреді. Сіздер заманауи үдерістен қалыс қалмай, ғасырлар бойы келе жатқан халық даналығын сақтай отырып, жер бетіндегі әсемдіктің көрінісі болып қала бересіздер.
Осындай шуақты мереке күні Сіздерге бақыт, еңбектеріңізге табыс, зор денсаулық пен отбасылық бақ-береке тілеймін, - деп жазды ол.