Өскемен
-19°
туман ветер 1 м/с, С
459.92 501.31 6.62

Халықаралық әйелдер күнінің тарихы

9.03.2022, 05:01 18 0 Мадина Амангелдіқызы

Небір мерекелерді дүбірлетіп атап өткенімен, олардың шығу тарихын біреу білсе, біреу білмейді.

8-ші наурыз - Халықаралық әйелдер күнінің тарихы сонау 1857 жылдан басталады. Дәл осы жылы 8 наурызда Нью-Йоркте тоқыма фабрикаларының жұмысшы әйелдері бас көтеріп, шеруге шығады. Наразылық акциясын бастаған әйелдер 10 сағаттық жұмыс күнін, жалақыны ерлердің айлығымен теңестіруді талап етіп, өз құқықтары үшін алғаш рет көшеге шығып күрескен еді. Жұмысшы әйелдердің жанайқайынан кейін алғашқы әйелдер кәсіподағы құрылды.

Жарты ғасыр өткен соң, 1908 жылы ақпанның соңында Нью-Йоркте социал-демократиялық әйелдер ұйымының үндеуімен 15 мыңға тарта әйел митингке шығады. Олардың басты талабы – еңбек саласында ерлер мен әйелдердің құқығын теңестіру, яғни, жұмыс күнін қысқартып, әйелдердің жалақысын көтеру, сондай-ақ нәзік жандарға сайлауда дауыс беру құқығын беру. 1909 жылы Американың Социалистік партиясы ұлттық әйелдер күнін жариялайды. Бұл күн 1913 жылға дейін ақпанның әр соңғы жексенбісінде мерекеленді.

1910 жылы Копенгагенде екінші Халықаралық социалист әйелдердің конференциясы өтті. Онда АҚШ-тан келген делегаттар белгілі коммунист Клара Цеткинмен кездеседі.  

Клара Цеткин 27 тамызда өткен конференцияда қоғам назарын әйелдер проблемасына аударып, халықаралық әйелдер күнін бекітуді ұсынады.

1911 жылдан бастап бірқатар елдің нәзік жандары Халықаралық әйелдер күні митинг ұйымдастырып, гендерлік теңсіздікті жоюды талап ететін болды.

Халықаралық әйелдер күні бірнеше жыл бойы әр елде әртүрлі мезгілде аталып өтті. Мәселен, 1911 жылы Германия, Австрия, Дания және Швейцарияда 19 наурызда мерекеленсе, 1912 жылы дәл осы елдер мейрамды 12 мамырда тойлады. 1914 жылы әйелдер күні 8 наурызда әлемнің бірден 8 елінде – АҚШ, Ұлыбритания, Австрия, Дания, Германия, Нидерланды, Ресей мен Швейцарияда мерекеленді.

Біріккен ұлттар ұйымы 1975 жылды Халықаралық әйелдер жылы деп жариялап, 8 наурызды ресми түрде мереке етіп бекітті. Уақыт өте келе, бұл мейрам саяси көрінісін жоғалтты.

Бүгінде 8 наурыз Қазақстаннан басқа, ТМД елдерінде көктем мен махаббат мерекесі ретінде аталып өтеді. Тәжікстанда 2009 жылдан бастап мерекенің атауы өзгертіліп, Аналар күні деген атауға ие болды.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив