KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Әлеуметтік нысандарды жылыту 1 қазанда басталады – ШҚО

22.09.2022, 16:48 65

ШҚО-да 1 қазанға дейін барлық әлеуметтік нысандар жылытуға қосылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов бірқатар маңызды әлеуметтік мәселелерді талқылаған кеңес айтты.

-        Өңірдің жылыту маусымына дайындығы қазір өте маңызды мәселелердің қатарында тұр. Тұрғын үйлерде дайындық төлқұжаттары да бар. Риддердегі жағдай аздап алаңдаушылық туғызды, бірақ ЖЭО басшылары станцияны жөндеу аяқталуда деп сендіреді. Сондай-ақ, барлық қазандықтар маусымға дайын. 1 қазанға дейін барлық әлеуметтік нысандар жылытуға қосылады, - дейді аймақ басшысы. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив