Өскемен
-2°
снег ветер 8 м/с, ЮВ
461.33 501.65 5.1

ШҚО: Amanat партиясы активінің отырысы өтті

3.03.2022, 11:35 166 0 Оразай Жеңісұлы

Мемлекет басшысы, Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Nur Otan" партиясының кезектен тыс XXII съезінде берген тапсырмалары аясында партияны жаңғыртудың негізгі бағыттарын талқылау және жүзеге асыруды ұйымдастыру бойынша облыс орталығында партия активінің отырысы өтті.

Отырысқа «Amanat» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Д.К. Ахметов, ««Amanat»» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары О. В. Чугунков, Саяси кеңес мүшелері, Бюро мүшелері, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихат депутатары, Мәслихат хатшылары, аумақтық филиалдардың төрағалары мен бірінші орынбасарлары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«Партия Төрағасы, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев барлық қойылған міндеттерді барынша қысқа мерзімде орындауды тапсырды. Сондықтанда уақыт созбай қарқынды жұмыс жасауымыз қажет. «Аманат» – бұл парасатты мағынадағы ортақ партия, әділдік партиясы, халық бірлігі партиясы, алға қарай нық қадам басу партиясы, халықтың пікірін, ұсынысын тыңдайтын және азаматтарымыздың мүддесі үшін әрекет ететін партия. Біз, Шығыс Қазақстан облысының партия мүшелері, Президент берген тапсырмалар мен қойылған міндеттерді орындау үшін бар күш жігерімізді саламыз»- деді Даниал Ахметов.

Сонымен қатар облыстық филиалдың төрағасы партияның облыстық және аумақтық филиалдарына және мәслихат хатшысымен депутаттарға партия жұмысын жүйелі жаңғырту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

166
0
00

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив