KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 6 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Өңір жылу беру маусымына дайын – ШҚО әкімі

22.09.2022, 12:34 71

Бұған дейін хабарлағанымыздай, облыс әкімі бірқатар маңызды әлеуметтік мәселелерді талқылаған кеңес өткізді. Жиында көтерілген мәселенің бірі – өңірдің жылу беру маусымына дайындығы.

Облыс әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, 1 қазанға дейін барлық әлеуметтік нысандар жылуға қосылады.

– Тұрғын үйлерде дайындық төлқұжаттары да бар. Теміржол тұйықтарында дүрлікпе жоқ, тұрғындар көмір қорын уақытында қамтамасыз етті. Біз отын сатудың тағы екі пунктін аштық. Сондай-ақ, барлық қазандықтар маусымға дайын. Риддердегі жағдай аздап алаңдаушылық туғызды, бірақ ЖЭО басшылары станцияны жөндеу аяқталуда деп сендіреді. Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын ұстап тұру бойынша мониторингтік топтар өз жұмысын жалғастырады, олар өз тиімділігін көрсетті. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін қайта жандандыру қажет, онда халық өнімді тікелей өндірушілерден сатып ала алады. Бұл өте ыңғайлы – деді облыс әкімі Данил Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив