KZ
Өскемен
+2°
небольшой дождь жел 3,1 м/с, В
448.15 483.46 4.86

Өскеменде нашақорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыруға үндейтін семинар өтті

22.09.2022, 11:09 157

Өскеменде есірткіге және нашақорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында семинар өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Іс-шара аясында полиция басқармасының тергеу бөлімінің қызметкерлері «Қазақстан-Американдық Еркін университетінің» студенттерімен кездесті.

Семинарда есірткі қылмысы үшін қандай жаза тағайындалатыны туралы сөз қозғалды. Тәртіп сақшылары жастарға нашақорлықтың зияны туралы кеңінен баяндап, салауатты өмір салтын ұстауға шақырды. Сөз соңында жиналған қауым мемлекет басшысы да жиі айтатын «дені сау ұрпақ діңгегі мықты ұлт қалыптастырады» деген байламға тоқтады.

7928f539-c5a0-42bc-be9c-e4bf82b05fdc.jpg

Өскемен қаласының полиция басқармасы есірткі және психотроптық заттарды қолдану денсаулыққа орасан зиян келтіретінін, сондай-ақ ол заттарды заңсыз өндіру, сақтау және пайдалану қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив