KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Даниал Ахметов шығысқазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады

25.10.2022, 10:18 149

Құрметті шығысқазақстандықтар! Құрметті жерлестер!
Ұлттық мерекеміз-Қазақстан Республикасы күні құтты болсын! Бұл күннің тарихи мәні өте зор, 1990 жылы дәл осы күні, яғни 25 қазанда Мемлекеттік Егемендік туралы Декларация қабылданды. Бұл тәуелсіздігімізді айшықтауда, тұрақты экономикасы бар мықты мемлекет құруда алғашқы қадам болды. Декларация басты қағидаттардың бірі - саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді өз бетінше шешуді жариялады. Онда тұңғыш рет қазақ мемлекеттілігінің тұтастық, аумақтардың бөлінбейтіндігі және мызғымастығы, Қазақстан халықтары мен олардың тілдерінің мәдениетін дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты құндылықтар бекітілді. Қазақстанның жаңа ел ретінде қалыптасуы өзінің заңдарымен, өзінің ішкі және сыртқы саясатымен басталды. Осы жылдар аралығында мемлекет дамудың түрлі қиындықтарын еңсеріп, бірлесе отырып мықты азаматтық қоғам құра білдік, этносаралық және ұлтаралық келісімді нығайтып, әлемдік саяси аренада лайықты орын иелендік. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Республика күні шын мәнінде ұлттық мереке екенін, ерекше тарихи маңызы бар және мемлекеттілігіміздің дамуына елеулі әсер еткен оқиғаларды бейнелейтінін атап өтті. Осы мереке күні баршаңызға бақыт, бейбітшілік, жақсылық пен өркендеу, еңбектеріңізге табыс және тәуелсіз Қазақстанның игілігі жолында жаңа жетістіктер тілеймін! Әр отбасында амандық пен ертеңгі күнге деген сенімділік орнасын!

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив