KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
447.4 477.55 4.76

Өскеменде әйелдерге консультативтік-құқықтық көмек қалай көрсетіледі?

21.09.2022, 17:01 139

Өскемен қаласының полиция басқармасындағы әйелдердің құқықтарын қорғау жөніндегі инспекторлар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандарға тұрақты түрде консультативтік-құқықтық көмек көрсетеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл инспекторлардың бөлімшесі мемлекеттік органдармен және әйелдердің құқықтарын қорғаумен айналысатын түрлі қоғамдық ұйымдармен тығыз жұмыс істейді.

Инспектордың негізгі міндеті – консультативтік-құқықтық көмек көрсету және әйелдердің конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қол сұғушылыққа жол бермеу. Олар көшеде, қоғамдық орындарда және тұрмыстық қатынастарда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты бодырмауға кұш салады, - дейді әйелдер құқықтарын зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспектор Алена Мокина.

Полиция тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жағдайда жақын маңдағы полиция бөліміне немесе «102»-ге хабар беру керектігін еске салады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив