Өскемен
+34°
переменная облачность ветер 2 м/с, Ю
444.85 477.19 5.42

Өскемен қаласына 60 жаңа автобус сатып алынады

25.02.2022, 11:58 87 0 Ләззат Қанатқызы

Жаңа қоғамдық көліктер жыл бойы біртіндеп әкелінетін болады. Оны тасымалдаушылар өздері сатып алмақ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыс орталығындағы қоғамдық көлік мәселесі бірнеше жылдан бері тұрғындары алаңдатып келе жатқаны баршамызға белгілі. Жолаушылар тасымалын басқару орталығының ақпаратына сүйенсек, өткен жылы барлығы 13 жаңа автобус әкелінген.

-        Биыл 60 жаңа автобус сатып алуды жоспарлап отырмыз. Алайда, бұл автотасымалдаушылардың бастамасы болғандықтан барлығын бір уақытта сатып ала алмаймыз. Олар қалаға жыл көлемінде біртіндеп жеткізілетін болады, - деді Өскемен қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Владимир Землянский.

Айта кету керек, қазіргі уақытта Өскеменде қоғамдық көлік қызметін 10 мыңға жуық адам қолданатын көрінеді.

87
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив