KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 5 м/с, З
445.66 474.58 4.78

Президенттің Жолдауы азаматтардың шынайы қызығушылығын тудырды - Марина Кикина

21.09.2022, 15:27 175

Марина Кикина, Қазақстан-Америка Еркін университетінің проректоры:

– ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы тұрғындардың шынайы қызығушылығын тудырды. Ол әлеуметтік желілер мен чаттарда жиі талқыланды.

Мемлекет басшысы ұсынған негізгі бастамалар, яғни 2022 жылғы Президенттің мерзімінен бұрын сайлауына, 2023 жылдың бірінші жартысында ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарға сайлануына немесе әйелдердің зейнеткерлік жасын төмендету ешкімді бей-жай қалдырмады.

Жас аналар 2023 жылдан бастап бір жарым жыл бойы бала күтімі бойынша төлемдер алу мүмкіндігін, сондай-ақ 2024 жылдан бастап 18 жасқа дейінгі балалардың шоттарына мемлекеттің Ұлттық қорынан инвестициялық табыс есептеу бастамасын оң бағалады.

"Бұл қаражат өскелең ұрпаққа ересек өмірге Нағыз жолдама береді. Қор шын мәнінде ұлттық мәртебеге ие болады және халықтың мүдделеріне қызмет ететін болады", – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив