KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность жел 4 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Өскемен: жүз жастағы ардагерге жәрдемдесті

21.09.2022, 11:34 92

Өскеменде полиция қызметкерлері жүз жастағы соғыс ардагеріне әлеуметтік көмек көрсетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қалалық полиция басқармасындағы қабылдау-тарату орнының қызметкерлері ҰОС ардагері Анастасия Светочеваның тұрғылықты жеріне барды. Тәртіп сақшыларына мұндай ұсынысты медициналық бөлімшенің қызметкерлері айтқан көрінеді.

«Қызметкерлер бау-бақшадағы өнімдерді жинауға қолғабыс етті. Сондай-ақ ардагердің тегін медициналық көмек алуына жағдай жасады», - деп мәлімдеді Өскемен қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Анастасия Павловна 1922 жылы 11 қарашада ШҚО Күршім ауданы Буденовка ауылында туған. 1938 жылы Ленинград тоқыма институтына оқуға түсіп, 1941 аяқтаған. Сол жылы өз еркімен әскер қатарына қосылып, соғысқа аттанды. «ҰОС қатысқаны үшін», «Қызыл Жұлдыз», «Германияны жеңгені үшін» сияқты көптеген медальдар мен ордендер марапатталған. Қазір жүз жастағы кейуана жақын туыстары болмағандықтан жалғыз тұрады.

Қос ғасырдың куәсі болған ардагер полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді.

«Осындай игі іс-шаралар жалғасын табады», - дейді полиция басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив