Медсақтандыру бойынша 865 мың стоматологиялық қызмет көрсетілді – ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша 865 мыңнан астам стоматологиялық қызмет көрсетілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ШҚО филиалының баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін іске қосу балалар мен жүкті әйелдерге жоспарлы стоматологиялық көмек алуға мүмкіндік берді. Ал шұғыл жағдайларда зейнеткерлер, көпбалалы аналар, мүгедектер, оларға күтім жасайтын жұмыссыздар, АӘК алушылар, белгілі бір аурулармен есепте тұрған пациенттер қарала алады. Өткен жылы осы мақсатта 1,9 млрд теңге жұмылдырылды», - деді филиал басшысы Ғалымжан Әбілов.
Қор есебінен стоматологиялық қымет көрсетілгенде пациент медициналық ұйымды өз еркімен таңдайтынын, учаскелік дәрігердің жолдамасы талап етілмейтінін естеріңізге саламыз.