Өскемен
-15°
туман ветер 2 м/с, В
468.98 493.74 7.59

Жастарға берілген мүмкіндіктер ұлт әлеуетін арттыруда шешуші рөл атқаратыны сөзсіз - Ирина Ровнякова

21.09.2022, 10:07 6 0 Ләззат Қанатқызы

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  ел халқына Жолдауына Аманжолов атындағы ШҚУ стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Ирина Ровнякова өз пікірін білдірді:

– ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам " атты халыққа Жолдауында болашаққа нақты белгілеген ел дамуының маңызды бағыттары көрсетілді.   Ел Президенті табысты ұлтты қалыптастырудың негізгі факторларын, соның ішінде   білім беру сапасын атап өтті. Әрбір қазақстандық оқушының оқуы және жан-жақты дамуы үшін лайықты жағдайы болуы тиіс. Сондықтан Президент қойған мақсатты міндеттерді шешу үшін "жайлы мектеп" жаңа ұлттық жобасы әзірленіп жатыр.

Педагог ретінде мені білім беру саласында енгізіліп жатқан өзгерістер қуантады. "Жайлы мектеп" жобасы қоғамның заманауи талаптарына жауап береді. Бұл жаңа мектептер салу және жаңа білім беру ортасы мен инфрақұрылымын қалыптастыру ғана емес, сондай-ақ қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесінің жабдығы, бейнекамералары, SMS-хабарламалар арқылы баланың мектеп ғимаратына кіру және шығу уақыты туралы ата-аналарды хабардар ету орнатылған қауіпсіз мектеп үшін жағдай жасау.

Президент білім алушы жастарға ұсынған білім беру гранттары, жеңілдікті кредиттер, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы ұлт әлеуетін арттыруда шешуші рөл атқаратыны сөзсіз.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы білім берудегі прогрестің қозғаушы күші өз ісіне берілген педагогтар екенін ашып айтты.  Біз бүкіл әлемдік қоғамдастықтың және әрбір жеке мемлекеттің тағдыры ХХІ ғасырдың басты тұлғасы – мұғалімнің қандай болатынына байланысты екенін түсінеміз. Оның кәсібилігі, жеке қасиеттері біздің мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігін және ұлттық мәдени кодтың сақталуын анықтайды.

Бүгінгі таңда мемлекет қабылдап отырған шаралар педагогикалық кәсіптің мәртебесін арттыруға, педагогтерге әлеуметтік қолдау көрсетуге ықпал етті.

Жоғары оқу орындары педагог кадрларды даярлаудың жаңа модельдерін әзірлеуде. Amanzholov University-де педагогикалық кадрларды даярлау жүйесі инновациялық әдістемелер мен технологияларды, IT-технологиялар, Цифрлық педагогика саласында жаңа құзыреттерді меңгерген мұғалімді даярлауға бағытталған.

Жаңа Қазақстан жастары үшін үш басымдық: білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм – қызметтің барлық маңызды салаларында өзін-өзі жүзеге асыру үшін негізгі мүмкіндіктерге айналатынына сенімдімін. Жастардың энергияның, ерік-жігердің, қабілеттердің, құлшыныстың және ынта-жігердің шексіз қоры бар және олар ұлт тағдырын қалыптастыруға қабілетті, - дейді ол.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив