Өскемен
-24°
туман ветер 1 м/с, СЗ
472.17 495.5 7.57

ШҚО әкімі туризмді дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізді

21.09.2022, 09:39 6 0 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Алтай, Самар, Катонқарағай аудандарында және Риддер қаласында туризмді дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыс әкімінің айтуынша, бұл аймақтарда туризмді дамыту бағдарламасын іске асырудың екі бағыты бар. Оның бірі – инфрақұрылымдық проблемаларды шешу, екіншісі – барлық демалыс аймақтарының бас жоспары.

– Барлығы 60-тан астам жоба. Мысалы, Осинов асуын айналып өтетін жол құрылысын міндетті түрде аяқтап, туристердің жайлы және қауіпсіз болуына бағытталған жобаларға ерекше назар аударуымыз қажет. "Алтай-Катонқарағай" учаскесінде 58 шақырым жол жөнделеді, барлық өткелдер ретке келтірілетін болады, – деді Даниал Ахметов.

Әкімнің айтуынша, Жаңа Бұқтырмада да туристік аймақ құру бойынша үлкен жобаны іске асырылып жатыр. Мұнда балалар алаңы, веложолдар, басқа да спорттық-мәдени нысандар салынады.

– Біз кең ауқымды идеялары бар және оларды жүзеге асырғысы келетін мамандарды шақыруға дайынбыз. Инфрақұрылымға келетін болсақ, мұнда қосалқы станцияның әлеуеті бар демалыс базаларына ғана емес, болашақта пайда болатын ресурстарға да жететіндігін түсіну үшін оның қуатын тексеру қажет. Октябрьский кентінде өрт сөндіру бөлімшесі күшейтіледі, өрт сөндірушілер құтқарушылармен қатар жұмыс істейтін болады. Катонқарағай ауданында пантымен емдеу және Риддерде шаңғы туризміне баса назар аудару қажеттілігін жеке қарастырдық, – дейді облыс әкімі.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив