Өскемен
+9°
переменная облачность ветер 4 м/с, С
458.87 493.84 6

Семей: серпінді даму кезеңі

19.02.2022, 12:57 33 0 Оразай Жеңісұлы

Ағымдағы жылғы қаңтарда Парламент Мәжілісінің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Қасіретті қаңтар» сабағы: Қоғам тұтастығы – тәуелсіздік кепілі» атты баяндамасында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарына ортамерзімді және ұзақмерзімді перспективаға арналған нақты міндеттер жүктеді. Мемлекет басшысы «мемлекеттің басты міндеті – қазақстандықтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын қамтамасыз ету. Бұл сөздерді нақты іске асыру керек» екенін атап өтті.

Бұл маңызды үндеудің негізі бүгінгі күннің шындығына негізделген. Біз келешекке қал[1]дыратын еліміз үшін болашақ ұрпақ алдында жауаптымыз. Бұл жаңартулары бүгіннен бас[1]талған жаңа Қазақстан болады. Мемлекет басшысы Қасым[1]Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Үкімет қаулысымен 2019 жылдың қазан айында Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020-2025 жылдар[1]ға арналған кешенді жоспары бекітілген. Құжат әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды, экономиканың нақты секто[1]рын дамыту, жұмыспен қам[1]тамасыз ету және халықтың табысын өсіру мәселелерін жүйелі шешуге бағытталған. Кешенді жоспарда қаржы[1]ландыру көлемі барлық қаражат көздері есебінен 260,2 млрд. теңге болатын 56 іс-шараны іске асыру жоспарланған.

Республикалық бюджет – 98,5 млрд. теңге (38%);

Жергілікті бюджет – 85,5 млрд. теңге (33%);

Жеке инвестициялар – 45,7 млрд. теңге (18%);

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік – 30,5 млрд. теңге (11%).

Бүгінде, өткен 2 жылдың қорытындысы бойынша, Семей қаласын дамытуға байланысты облыстың және қаланың жергілікті атқарушы органдарының, салалық министрліктер мен кәсіпкерлердің бірлескен жұмысының қорытындысын шығарудың мәні бар.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив