KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 2,3 м/с, З
444.32 473.33 4.76

Жаңа Бұқтырмада туристік аймақ құру бойынша үлкен жоба іске асырылып жатыр - ШҚО

21.09.2022, 09:28 90

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Алтай, Самар, Катонқарағай аудандарында және Риддер қаласында туризмді дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Кеңес барысында аймақ басшысы жаңа Бұқтырмада туристік аймақ құру бойынша үлкен жоба іске асырылып жатқанын айтып өтті.

-        Туризмдің дамыту бағдарламасын іске асырудың екі бағыты бар - инфрақұрылымдық проблемаларды шешу және барлық демалыс аймақтарының бас жоспары. Барлығы 60-тан астам жоба. Мысалы, Осинов асуын айналып өтетін жол құрылысын міндетті түрде аяқтап, туристердің жайлы және қауіпсіз болуына бағытталған жобаларға ерекше назар аударуымыз қажет. "Алтай-Катонқарағай" учаскесінде 58 шақырым жол жөнделеді, барлық өткелдер ретке келтірілетін болады. Сонымен қатар, жаңа Бұқтырмада туристік аймақ құру бойынша үлкен жобаны іске асырып жатырмыз, -деді ол.

Аталмыш демалыс орнына балалар алаңы, веложолдар, басқа да спорттық-мәдени нысандар салынбақ. Алдағы уақытта кең ауқымды идеялары мен оны жүзеге асырғысы келетін мамандарды да шақыру жоспарланып отырған көрінеді.

-        Инфрақұрылымға келетін болсақ, мұнда қосалқы станцияның әлеуеті бар демалыс базаларына ғана емес, болашақта пайда болатын ресурстарға да жететіндігін түсіну үшін оның қуатын тексеру қажет. Октябрьский кентінде өрт сөндіру бөлімшесі күшейтіледі, өрт сөндірушілер құтқарушылармен қатар жұмыс істейтін болады. Катонқарағай ауданында пантымен емдеу және Риддерде шаңғы туризміне баса назар аудару қажеттілігін жеке қарастырдық, - деп түсіндірді Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив