Өскемен
-15°
туман ветер 2 м/с, В
468.98 493.74 7.59

Мереке күні көпбалалалы отбасылар баспаналы болды - ШҚО

25.10.2022, 22:11 14 0 Мадина Амангелдіқызы

Шығыс Қазақстанда Республика күнін мерекелеу аясында көпбалалы отбасыларға жаңа үйлердің кілттері табысталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Баспана кілттері облыстың үш ауданында табыс етілді: Глубокое, Тарбағатай және Ұлан аудандары.

"Бірқабатты Шығыс" өңірлік жобасы аясында салынған жаңа ғимараттарды тапсыру - көпбалалы отбасылар үшін көптен күткен оқиға.

Осы бағдарлама бойынша Глубокое ауданында 10 отбасы, Тарбағатай ауданында 6 отбасы, Герасимовка ауылында 12 отбасы және Ұлан ауданы Сағыр ауылында 6 отбасы баспаналы болып отыр.

Сонымен қатар, республика күнін мерекелеу аясында ШҚО аудандарында жаңа әлеуметтік нысандар да ашылды.

Зайсан ауданында аудандық мешіт жанындағы Жаңа Мәдениет үйі мен медресеге қайырымдылық мекемесінің, ал Шемонаиха ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуы өтті.

Жалпы, республика күніне орай еліміздің шығысында 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылды. Шаралар аясында 10-нан астам әлеуметтік нысан пайдалануға беріліп, 34 отбасы жаңа тұрғын үйдің кілтін алды.

 

 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив