KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
447.4 477.55 4.76

ШҚО-да тағы бір балабақша ашылмақ

20.09.2022, 10:11 322

Өскемен  қаласы Аблакетка шағын ауданындағы Челюскин көшесінде 140 орындық балабақшаның құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қала әкімінің айтуынша, жергілікті тұрғындар көптен беру балабақша салуды сұрап жүрген көренді. Көпшілік асыға күткен мектепке дейінгі мекеме биыл желтоқсан айынша ашылады деп жоспарланып отыр.

-        Балалақшада екі жастап бастап мемлекеттік және орыс тілінде оқытатын топтар жұмыс істейді. МЖӘ бағдарламасы бойынша мемлекет әр балаға 40 мың теңгеден астам қаржы төлейтін болады. Қазір инвестор ол жерде жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды бастап кетті, - дейді қала әкімі Жақсылық Омар.

Атап айтқанда, ғимараттың шатыры ауыстырылып, жаңа жылу жүйесі мен пластикалық терезелер орнатылған. Қазір әкеп-сырлау жұмыстары жүргіліп жатыр. Енді ойын алаңы орнатылмақ.

-        Ғимараттың ішін толықтай жөндедік. Бізде жалпы мемелекеттік мекемелер ашу бойынша жеткілікті тәжірибе бар. Облыс орталығында қазіргі күннің өзінде біздің 7 балабақша жұмыс істеп тұр, - дейді Меруерт Тохтарова.

Биыл Өскемен қаласында 550 орындық 6 балабақша ашылмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив