Өскемен
-23°
плотный туман ветер 1 м/с, С
472.17 495.5 7.57

Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

19.09.2022, 19:07 3 0 Мадина Амангелдіқызы

Аудан әкімі Д. Жөргекбаевтің өкімімен Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары болып Мамарбаев Болатбек Омарбекұлы тағайындалды.

Болатбек Мамарбаев 1988 жылы 05 ақпанда дүниеге келген. 2013 жылы Шығыс Қазақстан аймақтық университетін мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару мамандығы бойынша тәмамдаған.

2009 жылдың мамыр айынан 2011 жылдың қыркүйек айына дейін Риддер қаласы әкімінің аппаратының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай жөніндегі бас маманның ассистенті.

2011 жылдың қыркүйек айынан 2012 жылдың желтоқсан айына дейін Риддер қаласының ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы.

2012 жылдың желтоқсан айынан 2014 жылдың қараша айына дейін Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы.

2014 жылдың қараша айынан 2020 жылдың ақпан айына дейін Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы

2020 жылдың ақпан айынан-бүгінгі күнге дейін Ұлан ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған.

 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив