KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Өскеменде кесілген ағаштың орнына бес есе көп ағаш көшеті отырғызылады

25.04.2019, 11:19 239

Бүгін Сағадат Нұрмағамбетов және Бейбітшілік көшелерінің қиылысында ағаштар кесіліп жатқаны туралы жазған едік. Қала әкімдігі кесілген ағаштың орнына бес есе көп ағаш көшеттері отырғызылатынына уәде беріп отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше,  Арбат құрылысын бастамас бұрын дайындық ретінде санитарлық шаралар жүргізу қажет екен. Мердігер компанияның қызметкерлері дайындық жұмыстарын бастап кетті. Соның алғашқысы – көшені ескі ағаштардан тазарту. Ағаш кесу жұмыстары алдын ала жасалған сараптаманың нәтижелері бойынша ғана белгіленіп, атқарылуда.

- Жобаға сәйкес кесілген ағаштардың орнына бес есе көп мөлшерде ағаш көшеттері отырғызылады, - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, қала аумағында ағымдағы жылы 12 000 түп жапырақты және қылқанды ағаш отырғызу жоспарланған. Көшет отырғызу жұмыстары тұрғын учаскелерде, мектеп және мемлекеттік мекемелердің аумақтарында жүргізіледі. Бүгінде 1000 түптен астам ағаш отырғызылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив