KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 1 м/с, СШ
447.4 477.55 4.76

ШҚО-да ауыл сыртындағы тоғанға қоқысты кім төккені анықталды (видео)

25.04.2019, 09:54 158

 

Кеше тоғанға қоқыс төккен жүк көлігінің видеоға түсіп қалғаны туралы жазған едік. Қоқысты кім төккені анықталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Оқиға Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінің маңында болған. Қоқыс төгілген тоған тасқынның алдын алу үшін қазылған екен. Кеше бейнежазба әлеуметтік желіде таралып, қолданушылар арасында көп талқыланды.

Анықталғандай, қоқысты «Жемчужина» ПИК қызметкерлері төгіпті. Бұл туралы Ұлан аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болатбек Мамарбаев мәлімдеді:

- «Жемчужина» ПИК қызметкерлері 24 сәуір күні № 27 тұрғын үйдің учаскесінен сенбілік барысында жиналған қураған шөп пен жапырақты төккен. Қоқыстың арасында қатты тұрмыстық, пластикалық және экологияға зиян келтіретін өзге де қалдықтар болмаған. Ал субұрғыш тоғанға келетін болсақ, қазіргі уақытта ол пайдаланылмайды. Өскемен-Қалбатау автожолындағы жөндеу жұмыстары аяқталған соң, кенттің жанынан жаңа тоған қазылатын болады, - дейді Болатбек Мамарбаев.

Жаңа тоған кенттің жоғарғы тұсынан қазылады екен. Бұл жұмыстар ағымдағы жылы басталып қояды.

Сондай-ақ, «Жемчужина» ПИК жұмысшыларына қатаң ескерту жасалып, қоқысты арнайы орындарға төгу тапсырылыпты. Мәселе кент әкімдігінің бақылауына алынып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив