Ауыл сыртына қоқыс төккендер айыпқа тартыла ма?

ШҚО-да тоғанға қоқыс төккен жүк көлігі видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Видео авторының сөзінше, бұл жағдай Ұлан ауданы Қасым Қайсенов маңында болған. Тәртіп бұзушы ауыл шетіндегі тасқынның алдын алу үшін қазылған тоғанды қоқысқа толтырған.
Видео әлеуметтік желіге тарағаннан кейін желі қолданушылары тәртіп бұзушы жазаға тартылуы керегін айтып, жазба қалдырып жатыр.
Естеріңізде болса, жуықта Өскемен маңына Сынақ алаңы ауданында дәл осындай жағдай квадрокептерге түсіп қалған еді. Тәртіп сақшылары айыптыны әкімшілік жазаға тартып, өзі қоқсытқан алаңды қайта тазартқан болатын.
Сонымен қатар оқыңыз
Халық күрекпен тоған қазуға кірісті. Тарбағатайда техника жоқ па?ШҚО-да ауыл сыртындағы тоғанға қоқысты кім төккені анықталды (видео)Әлем қауымдастығын бейбіт саясатқа шақырдыБерік Уәли: Күн тәртібінде – ашықтық және қоғаммен кері байланысАвторы белгісіз. Құнанбаймен Абайға қатысты деректері бар қисса-дастан табылды