KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 2 м/с, СШ
448.89 477.93 4.76

"Ақ жол" партиясы бүгін президенттікке өз үміткерін ұсынады

24.04.2019, 04:36 140

Бүгін "Ақ жол" демократиялық партиясының  XV съезінде сайлауға түсетін үміткерді ұсыну жөнінде шешім қабылданады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Партияның жарғысы бойынша, мұндай маңызды шешім тек съезде ғана қабылдануға тиіс екен.

Айта кетсек, 13 сәуір күні "Ақ жол" партиясы орталық кеңесінің пленумында кезектен тыс өткізілетін сайлау талқыланып, оған қатысу жөнінде шешім қабылданды. 10 күн ішінде барлық облыстық филиалдарда партиялық конференциялар ұйымдастырылып, съезге баратын делегаттар таңдалған болатын.

Бүгін партияның атынан сайлауға түсетін үміткердің есімі белгілі болмақ.

Кеше «Nur Otan» партиясынан ҚР президенттігіне үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынылған еді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив