KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Өскеменде көпбалалы аналарға әлеуметтік карта беріледі

19.04.2019, 09:58 175

"Шаңырақ" әлеуметтік картасы бойынша көпбалалы аналарға бірқатар қызметтер тегін не жеңілдікпен көрсетіледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Мұндай картамен аналар, мысалы, бассейнге тегін бара алады. Сондай-ақ, бірақатар дәмханалар мен тамақтану орындарында жеңілдіктер беріледі екен. Тегін не жеңілдікпен алуға болатын қызмет түрлері мен мекемелердің тізімі әлеуметтік картамен бірге берілетін кітапшада көрсетіледі.

Тағы бір айта кететіні, әлеуметтік картада пайдаланушының аты-жөні толық көрсетіледі. Оны басқа адамдар қолдана алмайды. Сонымен қатар, мұндай карта барлық көпбалалы аналарға түгел берілмейді. Арнайы тізімге кірген, төрт не одан көп кәмелет жасқа толмаған бала өсіріп отырған аналар ғана алады.

"Шаңырақ" картасын  Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен алуға болады. Мекеменің мекен-жайы: Тургенев көшесі, 30, 101-ші кабинет.

Қосымша ақпаратты 75-10-36 телефон нөмірі арқылы біле аласыздар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив