KZ
Өскемен
-6°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Мамырда неше күн демаламыз?

16.04.2019, 07:33 200

Қазақстандықтар мамыр айында 11 күн демалады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Мамырдың бірі күні елімізде Қазақстан халқының бірлігі күні атап өтіледі. Бұл күн сәрсенбіге түсіп отыр.

Жеңіс күніне төрт күн қатарынан демалыс беріледі. Осыған орай демалыс күндерді 4 мамыр сенбі күннен 10 мамыр жұмаға ауыстырады. Осылайша 9 мамырдан 12-сіне дейін демалатын болдық.

Сондай-ақ, Отан қорғаушылар күнінде бір күн демаламыз. 7 мамыр сейсенбі күнге сәйкес келеді. 8 мамыр – жұмыс күні.

Сонымен, бес күндік жұмыс аптасымен есептегенде, мамыр айындағы жұмыс күндерінің саны – 20, демалыс күндер – 11.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив