KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 6 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Өскемендегі «зебраларға» жарықдиод жол белгілері қойылады

12.04.2019, 04:56 150

Өскемен көшелеріне жарықдиодты жол белгілері қойылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Қала билігі 20 жаңа жол белгісін орнатуды жоспарлап отыр.

 

– Өткен жылы 16 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткеліне жарықдиодты жол белгісі қойылды. Осылайша жол қозғалысының қауіпсіздігі арта түсті. Осы жылы 20 жарықдиодты жол белгісін қою жоспарланып отыр, – деп жазды қала басшысы Жақсылық Омар әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

Әкімнің  Instagram желісіндегі жазбасының астына қала тұрғындары пікір қалдырып, аталмыш жол белгілері қойылатын орындарға байланысты ұсыныс жасай алады.

 

Мәселен, тұрғындар жарықдиодты жол белгілері Л.Толстой, Бажов, Грузинский көшелеріне және «Электротауарлар» аялдамасына қажет деп есептейді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив