KZ
Өскемен
+7°
ясно жел 8 м/с, С
443.35 475.54 4.82

ШҚО кәсіпорындарында жазатайым оқиға азаймай тұр. 6 адам қаза тапқан, 30 адам мүгедек

11.04.2019, 12:08 214

Шығыс Қазақстан облысының кәсіпорындарында жыл басынан бері 39 жазатайым оқиға болған. Өндірістік жарақаттан зардап шеккен 44 адамның 6-ы қаза тауып, 30-ы мүгедек болып қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы қайғылы оқиғалардың басым бөлігі жұмыс берушінің кінәсінен болатынын айтады.  

 

– Талдау нәтижелері көрсеткендей, жазатайым оқиғалардың негізгі себептері –  өндірісте жұмыстың дұрыс ұйымдастырылмауы және зардап шегушінің өрескел абайсыздығы. Сондай-ақ, ғимараттардың және құрылыстардың техникалық жағдайының төмендігі мен қауіпсіз еңбек тәсілдерін оқытудағы кемшіліктер де қайғылы жағдайға әкеліп соғып отыр, – дейді ведомство басшысының орынбасары Қайрат Әбілқайров.

 

Зардап шеккендердің басым бөлігі тау-кен металлургия және құрылыс саласында, бюджеттік ұйымдарда жұмыс істегендер.

 

Айта кетейік Шығыс Қазақстан облысы өндірістік жарақат бойынша Қарағандыдан кейін екінші орында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив