KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 11 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Өскеменде жаңа жол салып, Сәтпаев даңғылындағы кептелісті азайтады

8.04.2019, 08:41 118

Жібек маталар комбинаты (КШТ) ауданын қаланың орталығымен байланыстырып тұрған екі жол бар: Сәтпаев даңғылы және Өскемен-Самар тас жолы. Самар тас жолының Күленов кентінің халқына болмаса, ЖМК тұрғындарына айналма, яғни тиімсіз екені айтпаса да белгілі. Ендеше бір ғана жол – Сәтпаев даңғылы қалады. Ал ол жолдың жаңа үйлер салынып, кеңейіп келе жатқан ауданға жеткіліксіз екенін кептеліске қарап білуге болады.

 

Қайтпек керек?

 

Қалалық құрылыс бөлімінің жетекшісі Қайрат Тәнекенов Ілияс Есенберлин атындағы көшенің созылуы мүмкін екендігін айтады. Иә, Сәтпаев даңғылымен параллель созылып, Жібек жолы көшесіне тіреледі ол.

 

Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп те жатқан көрінеді. Алдын ала болжамға сенсек, жолға 3 шақырым қосылады екен. Жол үш-үштен алты қатар болуы мүмкін.

 

Сондай-ақ осы салынатын жолдың бүйірінен тағы бір жол түседі. Ол Жібек жолы көшесімен параллель созылып, Алматы тас жолына бастап барады. (Суретте көрсетілген)

 

– Жоба іске асса, біріншіден, Сәтпаев даңғылындағы кептеліс азаймақ. Екіншіден, жүргіншілерге Алматы тас жолына жылдам шығуға мүмкіндік болады, – дейді Қайрат Тәнекенов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив