KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 1,7 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Әр балаға 21 мың теңге төленетін болды. Қасым-Жомарт Тоқаев заңға қол қойды

5.04.2019, 06:32 230

Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі заңға қол қойды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

"Мемлекет басшысы қолданыстағы заңнаманы жаңадан қабылданған "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендіруге, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін жетілдіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестициялар тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды" , - деп мәлімдейді Ақорданың баспасөз қызметі.

Аталмыш құжат атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді жақсарту және жәрдемақы мөлшерін ұлғайтуды қарастырады. Аз қамтылған отбасыларында әр балаға 20 789 теңге мөлшерінде жәрдемақы төлеу белгіленді. Сондай-ақ, мүгедек балалары бар отбасыларына берілетін жәрдемақының да мөлшері ұлғайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив