KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
448.89 477.93 4.76

Қазақстанда жүктілгі 12 аптаға толған әйелдерге 425 мың теңге төленуі мүмкін

5.04.2019, 06:23 123

Денсаулықсақтау министрлігі әрбір жүкті әйелге 425 мың теңге беру туралы бастама көтерді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі, Тенгриньюс сайтына сілтеме жасап.


Ол үшін болашақ ана жүктіліктің 12 аптасына дейін есепке тұруы керек.


– Иә, осындай бастамамыз бар. Сыйақы ретінде 10 минималды айлық, яғни 425 мың теңге төлеуді ұсынып отырмыз. Бірақ әзірше тек бастама күйінде тұр. Қаншалықты іске асуы мүмкін? Мемлекеттік бюджет дайын ба? Осы жағын меморгандар талқылап жатыр, – деді Денсаулықсақтау министрлігінің Заң департаментінің директоры Талғат Тұрмағамбет.


Бастаманы көтерген – министрліктің сарапшылары. Олардың айтуынша, бұл аналардың өзінің және болашақ сәбилерінің денсаулығына деген жауапкершілігін арттыра түседі.


– Егер аналардың жауапкершілігіне қатысты айтар болсақ, көздеген мақсатымызға жету үшін не оларды жазалуымыз керек, не сыйақымен беруіміз керек. Жүктіліктің 12-аптасына дейін есепке тұрса, сыйақы беруді жоспарлап отырмыз. Бұл халықаралық тәжірибеде бар. Бүкіл әлем осылай істейді, – дейді Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық төрағасының орынбасары Гүлнар Кулкаева.


Министрлік аталмыш сыйақыны аналардың қаржылық жағдайына қарамастан беруді ұсынып отыр. Бірақ бірден қолға ұстата салмайды.


– Жүкті әйел есепке тұрды екен деп бірден ақшаны қолына бермейміз. Сыйақыны жүктіліктің соңында алуы керек. Оған дейін барлық қағидаларды сақтап, денсаулығын қадағалауы керек, – деп түйді Г.Кулкаева.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив