KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 4 м/с, З
446.49 475.38 4.79

Көлігі бар тұрғындардан Өскемен әкімі алдын ала кешірім сұрады

4.04.2019, 08:17 182

Келесі аптада Өскеменде жол жөндеу жұмыстары басталады. Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Оның жазуынша, төмендегі көшелер жөнделеді:

Сәтпаев даңғылы (реконструкция);

Әуезов даңғылы;

Жеңіс даңғылы;

Потанин көшесі;

Шәкәрім көшесі;

Серікбаев көшесі;

Жібек жолы көшесі (реконструкция);

Тоғас көшесі (Ахмерден «Понтон» көпіріне дейін) (реконструкция);

Ахмерден Алматы тас жолына дейін (реконструкция);

Малдыбаев көшесі.

 

Шаһар басшысының сөзінше, көшелерді негізінен қазан айына дейін дайындау жоспарланған. Ал реконструкция жасалатын көшелер (жоғарыдағы 4 көше) жыл аяғында бірақ аяқталады.

– Жол жөндеу жұмыстары келесі аптада басталады. Қолайсыздыққа алдын ала кешірім сұрап, түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын, – деді Жақсылық Омар.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив