KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
448.56 478.03 4.79

Өскеменде бірқатар көшелер кеңейтіледі

25.10.2022, 21:59 117

Облыс орталығында бірқатар жолдар кеңейтіліп, көлік қозғалысы төмендетілмек, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Айта кетсек, Өскеменнің ЖМК ауданындағы жол айрығында бес жол түйісетін болады. Сондай-ақ Самар тас жолына шығатын Базовая көшесін кеңейту көзделген.

Бұл шаралар кешені жолдардағы көлік қозғалысын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Облыс әкімі Даниал Ахметов Есенберлин көшесіндегі нөсер кәрізін орнатуды және барлық инфрақұрылымдық жұмыстарды аяқтауды тапсырды.

Сонымен қатар, Астана көшесінің жүру бөлігін кеңейту жоспарлануда, бірақ ол үшін алдымен халықтың қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өтуі тиіс екен.

Одан бөлек, Аврора және Пограничная көшелері Нұрсұлтан Назарбаев даңғылына дейін кеңейтіледі. Бұл Понтонный көпірін тиімдірек пайдалануға және ауыр техниканы қала сыртына шығаруға мүмкіндік береді.

Жол құрылысшылары Мыза көшесін кеңейту туралы ұсыныс білдіріп отыр. Бұл ұсыныс әкімдік тарапынан қарастырылатын болады. Өйткені бұл аймақта жол кептелісі жиі орын алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив