KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
447.4 477.55 4.76

Полицейге 1800 теңге аударған Өскемен тұрғыны 350 000 теңге айыппұл төлейтін болды

4.04.2019, 06:07 151

 

Қала тұрғыны пробациялық бақылауда тұрған екен. Белгілену мерзімін өткізіп алған азамат, жазадан құтылу үшін пробация қызметінің инспекторының көңілін табуды жөн санапты. Осылайша тәртіп сақшысының ұялы телефонына сыйақы ретінде 1840 теңге аударған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Тұрғынның бұл әрекетін сыбайлас жемқорлық деп санаған полиция қызметкері өзінің басшылығына және «тиісті органға» хабар берген екен.

 

– Нәтижесінде ер адам ҚР ӘҚБтК 676 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен 829-11 баптың 2 тармағына сәйкес 353,5 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, – деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив