KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, С
439.43 473.31 4.82

1 сәуірден бастап көпбалалы отбасыларға берілетін көмек. Ең жиі қойылатын 10 сұрақтың жауабы

3.04.2019, 03:46 210


Атаулы әлеуметтік көмек – бұл аз қамтылған азаматтарға және табыстары төмен деңгейдегі отбасыларға, оның ішінде көп балалы отбасыларға берілетін ақшалай төлем. Қоғамда атаулы әлеуметтік көмек тек көп балалы отбасыларға тағайындалады деген ұғым қалыптасқан сияқты. Аталмыш төлем отбасының жалпы табысы әрбір адамға бөлгенде күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, яғни 20789 теңгеге жетпесе тағайындалатындығын жазған болатынбыз. Тұрғындар арасында атаулы әлеуметтік көмекке қатысты сауалдар әлі де көп. Осы мәселеге орай Алтайньюс тілшісі ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Ерболат Ошақбаевтан жәрдемақыға қатысты жиі қойылатын он сауалдың жауабын алды.


1) Атаулы əлеуметтік көмектің жаңартылған форматына өтініштерді қабылдау қашан басталады?

Қай жерге жүгіну қажет?


Жаңартылған атаулы əлеуметтік көмек көрсетуге өтініштерді қабылдау 2019 жылғы 1 сəуірден басталды. Ол үшін тұрғылықты жері бойынша жұмыс пен қамту орталығына немесе халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Егер отбасы ауылдық жерде тұрса – кент, ауыл, ауылдық округтердің əкімдеріне жүгінеді.


2) Атаулы əлеуметтік көмекті тағайындау үшін қандай құжаттар қажет?


Өтініш беру жəне сəйкестендіру үшін тек жеке куəлікті ұсыну қажет. Басқа құжаттар қажет емес.


3) Жəрдемақыны толық мөлшерде алу үшін құжаттарды айдың басынан беру қажет пе?


Жоқ, міндетті емес. Атаулы əлеуметтік көмек өтініш білдірген айдан бастап тағайындалады жəне өтініш берген күнге байланысты емес. Мысалы, егер сіз құжаттарды уəкілетті органға 20 сəуірде тапсырсаңыз, онда төлемді де толық көлемде бір ай үшін аласыз.


4) АƏК (атаулы әлеуметтік көмек) алу үшін тұрғылықты мекен жай бойынша тіркеуде болу қажет пе?


Иə, қажет. АƏК тағайындау үшін тұрғылықты мекенжай бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеуде болу қажет.


5) Жəрдемақыны есептеген кезде бірге тұратын туыстардың барлық табыстары есепке алынатыны рас па? Бұл норма қайта қарала ма?


А т а у л ы ə л е у м е т т і к  к ө м е к т і 2019 жылғы 1 сəуірге дейін тағайындаған кезде отбасының бірге тұратын, ортақ шаруашылық жүргізетін барлық мүшелері есепке алынады. Алайда, министрлік «Мемлекеттік атаулы əлеуметтік көмек туралы» ҚР Заңына отбасы құрамын нақтылау бөлігін де толықтырулар енгізуде. Осылайша, 2019 жылғы 1 сəуірден бастап отбасының құрамында тек жақын туыстар, яғни ата-ана, балалар, бала асырап алушылар, асырап алынған бала, ата-анасы бір жəне ата-анасы бөлек бауырлар мен апа-қарындастар,ата,əже, немерелер есепке алынады.


6) Жəрдемақы алу үшін отбасының бір мүшесінде қандай табыс болуға тиіс? Жəне жəрдемақының мөлшері қандай?


Егер отбасының бір адамға шаққандағы айлық табысы 20 789 теңгеден аспаса, отбасыға атаулы əлеуметтік көмек төленеді. Бұл ретте кəмелетке толмаған балаларға 20 789 теңге мөлшерінде, ал ересектерге отбасының жан басына шаққандағы табысы мен АƏК критерийлерінің мөлшері арасындағы айырма төленеді.


Мысал ретінде екі ересек ата-ана мен алты кəмелет жасқа толмаған баладан тұратын отбасын алайық. Ай сайынғы табысы:


1) Əкесінің жалақысы – 150 000 тг. құрайды;


2) Көп балалы отбасына берілетін арнаулы мемлекеттік жəрдемақы – 10 504 тг;


3) «Күміс алқа» алқасымен марапатталған көп балалы анаға берілетін мемлекеттік жəрдемақы – 16 160 тг.

Отбасының ай сайынғы табысы – 176 664 теңге. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде көп балалы отбасыларға берілетін арнаулы мемлекеттік жəрдем ақы мен «Күміс алқа» жəрдемақысы алып тасталды. Отбасы мүшелерінің жан басына шаққандағы орташа табысы келесідей есептеледі: 150 000 теңге 8 адамға бөлінеді = 18 750 тг. Тиісінше, отбасы АƏК көрсету критерийлеріне сəйкес келеді. Балаларға АƏК мөлшерін есептеу: 20 789 теңге*6 бала = 124 734 тг. Ата-аналар үшін АƏК мөлшерін есептеу: 20 789 тг. – 18 750 тг. = 2 039 тг; 2 039*2 = 4 078 тг. АƏК жиынтық мөлшері 124 734 тг. + 4 078 тг = 128 812 тг. Егер бұрын отбасы АƏК көрсету критерийіне сəйкес келмесе, онда 2019 жылғы 1 сəуірден бастап отбасы 128 812 тг мөлшерінде атаулы əлеуметтік көмек алуға құқылы. Осылайша, жаңа атаулы əлеуметтік көмекті ескере отырып, отбасының жалпы табысы: 176 664 тг + 128 812 тг = 305 476 тг. болады.


7) Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс есепке алына ма?


Иə, отбасының жиынтық табысын анықтаған кезде жеке қосалқы шаруашылық ескеріледі. Жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс Қазақстан Республикасы Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығы мен бекітілген Мемлекеттік атаулы əлеу меттік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларына сəйкес есептеледі. Қағидаларда ел өңірлерінің климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеу нормалары айқындалған. Бұл ретте, жергілікті атқарушы органдар жеке қосалқы шаруашылықты табыс көзіне жатпайды деп айқындай алады. Яғни, əкімдіктер өз қалауы бойынша жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты ескермеуге құқылы.


8) 1 сəуірден бастап отбасының жалпы табысын есептеу кезінде қандай табыс алынып тасталады?


АƏК тағайындау үшін отбасының жиынтық табысын есептеген кезде мыналар есепке алынбайды:


1. 4 жəне одан да көп баласы бар көп балалы отбасыларға берілетін арнаулы мемлекеттік жəрдемақы;


2. «Алтын алқа» жəне «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға берілетін жəрдемақы;


3. баланың мүгедектігі бойынша жəрдемақы;


4. студенттердің стипендиясы;


5. жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын біржолғы төлемдер.


9) Көп балалы отбасыларды қолдау бойынша тағы қандай шаралар бар? Олар бойынша толық жəне дұрыс ақпа ратты қайдан ала алады?


«Алтын алқа» жəне «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І жəне ІІ дəрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға ай сайын 16 160 теңге (6,4 АЕК) мемлекеттік жəрдемақы төленеді. Бүгінде 235 мың ана осындай құрметті атаққа ие. Сондай-ақ «Алтын алқа» жəне «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар: - көлік құралдарына салынатын салықты жəне жер салығын; - тұрғылықты мекенжайын тіркеу, паспорт жəне жеке куəлік алу кезінде жасалатын нотариаттық жəне заң тұрғысынан маңызды əрекеттер үшін мемлекеттік баж салығын жəне т.б. төлеуден босатылады. Сонымен қатар 5 жəне одан да көп бала туып, оларды 8 жасқа толғанға дейін тəрбиелеп отырған аналар 53 жасында зейнетке шығуға құқылы. Бұдан басқа министрлік азаматтардың ұсыныстарын ескере отырып, əлеуметтік көмек пен қызметтердің бірыңғай пакетін əзірледі, оны АƏК алушыларға жергілікті атқарушы органдар көрсетеді. Əлеуметтік пакетке жергілікті атқарушы органдар есебінен көрсе тілетін 11 əлеуметтік қолдау жəне əлеуметтік қызмет шарасы кіреді, оның ішінде 1-4-сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету, қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру, балалар лагерьлерінде тегін демалу, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үй жағдайларын жақсарту, мектеп формасымен, оқулықтармен жəне оқу керек-жарақтарымен қамтамасыз ету жəне т.б. бар. Бірыңғай əлеуметтік пакетті енгізу елдің барлық өңірлерінде мұқтаж азаматтарға бірдей əлеуметтік көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Атаулы əлеуметтік көмек тағайындау жəне басқа да жеңіл діктер мен жəрдемақылар туралы толық ақпаратты жұмыспен қамту орталық тарынан, жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармаларынан, ауылдық əкімдіктерден, сондай-ақ 111 call-орталығы арқылы алуға болады.


10) Қандай жастағы балалар АƏК ала алады?


Жаңа механизм бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы немесе 20 789 теңге мөлшеріндегі кепілді төлем 18 жасқа дейінгі балаларға, ал орта, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқыған жағдайда, білім беру ұйымын бітіретін уақытқа дейін (бірақ 23 жасқа толғанға дейін) төленетін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив