KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 11 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Семейде екі бала өртеніп кетті

2.04.2019, 03:28 164

Семей іргесіндегі ауылда екі қабатты тұрғын үй өртеніп, екі бала ажал құшты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

1 сәуір күні 14:19-да өрт сөндіру қызметінің пультіне Семейдің іргесінде орналасқан Суық бастау елді мекенінде екі қабатты тұрғын үй өртеніп жатқаны туралы хабар түскен.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде бірінші қабатта орналасқан пәтердің іші өртеніп жатқанын анықтаған. Тілсіз жау 5 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіру кезінде жуыну бөлмесінен 2012 және 2015 жылы туған екі баланың денесі табылған.

Алдын ала болжам бойынша, олар түтінге уланып көз жұмған.

Төтенше жағдай қызметкерлері, сондай-ақ, көрші тұратын екі тұрғынды құтқарып қалған. 14:56-да өрт ауыздықталып, 15-12-де толықтай сөндірілген. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив