KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Семейдің туристік логотипі пайда болды

31.03.2019, 19:13 133

Семейде өткен қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында Спорт және дене шынықтыру бөлімінің бастығы Мұрат Кұржықаев қаланың жаңа туристік логотипін таныстырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Марат Құржықаевтың айтуынша, осы жылдың ақпан айынжа қаланың ең үздік логотипін жасауға байқау жарияланған болатын. 20 эскиз жұмыстары байқауға түсіп, нәтижесінде 26 жастағы дизайнер Әділбек Қайсеновтың жұмысы үздік деп танылған екен. Жеңімпазға туристік фирмалардың атынан 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы тарту етілді.

 

Байқауда қойылған талап бойынша, логотип тым түрлі-түсті, алабажақ болмауға тиіс еді. Тек үш түстен құрылу керек. Сондай-ақ, дизайны ықшамды болғанымен, қала туралы ақпарат беруі қажет.

 

Туристік логотиптің негізгі түсі – жасыл. Ол біздің қаланы қоршап тұрған орманды білдіреді. «Е» әріпі қолында кесе ұстаған адамның бейнесіне ұқсайды, яғни қонақжайлылықтың нышаны болып табылады. «М» әріпі  - біздің аспалы көпір. Сонымен қатар, логотипте еліміздің символы – күннің бейнесі де бар екен.

 

Қазір Семей қаласы туралы жарнамалық бейнероликтер әзірленуде. Олар әлеуметтік желілерде, оның ішінде шетелдерде де жарияланатын болады. Осылайша қалаға шетелдік турситерді тарту бойынша жобалар қолға алынуда.

 

Айта кетсек, 2018 жылы Семейге 7500 турист келген, оның 700-і – шетел азаматтары.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив