Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан халқына ант берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ант беру рәсімі сағат 12.00-де парламент палаталарының бірлескен отырысында өтті.
Кеше Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналар эфирінде президент ретіндегі өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеген еді.
Конституцияның 48-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы президентінің өкілеттігі сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқына ант берген сәтінен бастап көшеді.
Сонымен қатар оқыңыз
Конституциялық реформаны түсіндіру бойынша әдістемелік құралКонституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңның жобасы жарияландыКонституцияға енгізілетін түзетулер бойынша бағыт-бағдарБерік Уәли: Күн тәртібінде – ашықтық және қоғаммен кері байланысКонституция – тәуелсіздікті нығайтқан құжат