KZ
Өскемен
+15°
небольшой дождь жел 4 м/с, З
448.56 478.03 4.79

«Наурыз» Өскеменнің түкпір-түкпірінде тойланады. Бағдарламалар кестесі

20.03.2019, 05:23 231

 

Наурыз күндері қаланың барлық ауданында мерекелік алаңдар жұмыс істейді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Біз бұған дейін Ұлыстың ұлы күні Өскеменнің орталық алаңында ерекше форматта үш күн қатарынан тойланатыны туралы жазған едік. «Наурыз» мейрамы сондай-ақ қаланың түкпір-түкпірінде дүбірлі тойға ұласады.  Бағдарлама кестесі төмендегідей:

 

20 наурыз күні сағат 12: 00 – «Қош келдің-Наурыз» мерекелік іс-шарасы. Буров көшесі, 24;

 

20 Наурыз сағат 10:00 – «Достық» СҮ аумағында киіз үй тігіліп, халықтық серуен ұйымдастырылады;

 

20 наурыз күні сағат 10: 00 – Аблакетка шағын ауданының тұрғындары үшін мерекелік концерт, Ватутин көшесі, 5;

 

21 наурыз, 11:00 – Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар, автовокзал ауданында киіз үй тігіледі;

 

21 және 22 наурыз сағат 12: 00 – Наурыз мерекесіне арналған халықтық серуен»;

 

21 наурыз сағат 11: 00 – «Fresh Market» сауда орталығы аумағында Наурызды тойланады;

 

21 наурыз сағат 11:00 – Согра кентінің тұрғындары үшін халықтық серуен (ТМК): 3 киіз үй тігіліп, спорттық жарыстар, викториналар және шығармашылық іс-шаралар өтеді (стадион «Титан»);

 

21 наурыз күні сағат 11:00 – Добролюбов көшесі, № 41, 43 шағын ауданының тұрғындары үшін мерекелік бағдарлама, «Ұмыт болған дәстүрлер» байқауы;

 

22 наурыз сағат 11:00 – Халифа Алтай атындағы облыстық мешіт аумағындағы мереке;

 

22 наурыз сағат 9: 00 – «Бұлақ көрсең көзін аш» атты іс-шара (Шешек бұлағы);

 

22 наурыз сағат 11:00 – Спорт сарайы ауданындағы мерекелік іс-шаралар;

 

22 наурыз күні сағат 13:00 – «Альшемали» СҮ аумағында киіз үй тігіліп, мерекелік концерт өтеді;

 

22 наурыз, 11:00 – Комендантка ауданындағы мерекелік іс-шаралар;

 

22 наурыз, 12:00 – ММС жанындағы алаңға 3 киіз үй тігіледі, мерекелік бағдарлама;

 

24 наурыз, 14:00 – «Дос-Нар» сауда орталығының аумағында қала тұрғындары наурыз-көже ішіп, палау жеп, той тойлайды

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив