KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Қазақстанда балалар обырға қарсы екпені тегін алады

18.03.2019, 11:34 144

 

 

Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылдан бастап 9-12 жас аралығындағы балаларға адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы тегін екпе салуды енгізбек, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

АПВ обыр ауруына шалдықтыратыны белгілі. Министр Елжан Біртановтың айтуынша, АП вирусынан 9-10 жас аралығындағы қыздарды ғана емес, ұл балаларды да вакцинациялау қажет екен.

 

-Бұл вирус жыныстық қатынас арқылы таралып, жатыр мойны обырына әкеледі. Қазір жатыр мойны обыры Қазақстанда да, әлемде де таралу жағынан бірінші орында тұр. Халық екпе алуға қарсы болғандықтан аурудың алдын ала алмағанымыз өкінішті болады, - дейді министр.

 

Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрі аталмыш вакцинаның кейбір адамдарға кері әсер етуі мүмкін екенін растап отыр. Дегенмен, вакцинация миллиондаған адамдардың өмірін сақтап қалады.

 

Балаларға АПВ-ға қарсы екпе салуды еліміздің онкологтары мен қоғамдық ұйымдары ұсынып отыр екен. Болашақта бұл вакцина тегін препараттардың тізіліміне кіргізіледі.

 

Қазақ онкология және радиология институтының директоры Диляра Кайдарованың айтуынша, бір вакцинаның құны 100 долларға дейін барады екен. Қазақстанда қолданылатын екпе препараттарының барлығы АҚШ пен Ұлыбританияда өндірілген.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив