KZ
Өскемен
+7°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

ШҚО-да тік ішек обырының алдын алу бойынша Ашық есік күні өтеді

18.03.2019, 05:04 290

 

Тік ішек обырын ерте диагностикалау және алдын алу бойынша Ашық есік күні әдеттегідей Өскемен қаласы бойынша ғана емес, облыс көлемінде өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

ШҚО-дағы онкологиялық аурулардың құрылымында тік ішек обыры тері, сүт безі және өкпе обырынан кейін төртінші орында тұр. Өткен жылы бұл аурудың 394 жаңа жағдайы тіркелді.  Мұндай диагноз қойылған адамның емделіп шығуы облыста 50%-ды құрайды.

 

Жалпы тік ішек обырының бас кезде ерекше белгілері байқалмайды. Сол себепті ол көп жағдайда кеш анықталады. Аурудың алдын алу үшін тұрақты түрде скринингтен өту аса қажет.

 

ШҚО Онкология және хирургия көпсалалы Орталығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2018 жылы гемокульт-тестілеуден арқылы 80 мың шығысқазақстандық өткен екен. Скрининг бойынша 18 мың адамнан тік ішек обыры, ал 85 мың адамнан – обыр алды аурулары анықталған. Көбінесе тік ішек обыры 50-60 жастан асқан адамдарда жиі кездесетін көрінеді.

 

Аурудың алғашқы белгілері: іштің ауруы, үлкен дәретте қанның пайда болуы, іш қату мен іш өтудің кезектесуі. Аурудың асқынғаннан кейінгі белгілері қаназдық, дене салмағын жоғалту, ішектің бітелуі.

 

Қауіпті сырқаттың алдын алу мақсатында 30 наурыз күні Өскемен қаласындағы Онкология және хирургия орталығында, сондай-ақ, облыстағы барлық аудандық ауруханаларда Ашық есік күні өтеді.  Бұл күні кез келген облыс тұрғыны ешқандай арнайы жолдамасыз онкохирург мамандардан кеңес алып, медициналық тексеруден  өте алады.

 

Уақыты: 9.00-ден 14.00-ге дейін.

 

Ашық есік күні туралы қосымша ақпаратты 8(7232)70-59-76, 8(7232)74-26-98, 8(7232)70-59-22, 8(7232)74-28-35 телефон нөмірлері және тұрғылықты мекен-жайындағы Орталық аудандық ауруханалардан алуға болады.

 

ШҚ Онкология және хирургия орталығының мекен-жайы: Өскемен қаласы, Серікбаев көшесі, 1.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив