KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

ШҚО-да ескерту жарияланды: Су деңгейі көтерілуі мүмкін

18.03.2019, 03:44 131

 

Қазақстанның үш облысындағы өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Бұл туралы Қазгидромет синоптиктері ескертіп отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

"18-20 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Қостанай облыстарында қар еріп, мұз қабаты сөгіліп, өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін", - деп ескертеді синоптиктер.

 

18 наурыз күні еліміздің аумағында ауа райы құбылмалы болмақ. Кей жерлерде қатты жел соғады, тұман түсіп, жауын-шашын және көктайғақ болады деп болжануда.

 

Шығыс Қазақстан аймағында тұман түсуі, күші 15-20 м/с дейін жететін жел тұруы ықтимал.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив