KZ
Өскемен
+3°
дождь жел 2,5 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Семейде Наурыз тойы басталып кетті

15.03.2019, 05:12 141

Қалада Наурызды тойлау басталып кетті. Ертіс жағалауында 14-21 наурыз күндері 11.00-15.00 уақыт аралығында түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылмақ.

Ұйымдастырушылар халық осы мереке уақытынан хабардар болса деп отыр. Семей ақпараттық орталығының мәліметіне сүйенсек, 14 Наурыз- " Көктем күні ", 15 наурыз - " Алас күні ", 16 наурыз – " Өнім күні ", 17 наурыз – " Береке күні ", 18 наурыз - " Иіс күні ", 19 наурыз - "Жайнау күні", 20 наурыз - " Шаттық күні ", 21 наурыз – "Үйлесім күні" .


Бір апта бойы жағалауда мерекелік концерттер, көрмелер мен жәрмеңке ұйымдастырылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көркем ұжымдардың арнайы бағдарламаларын тамашалап, Наурыз көже мен бауырсақтан дәм тата алады.


- Бүгін біз көптен күткен Наурыз мейрамын тойлауды бастадық . Осы күні біздің ата - бабаларымыз ұзақ қыстан кейін бір-бірімен көрісіп , амандық сұрасатын, - деді Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина.


22 наурызда Ұлыстың ұлы күні қаланың бес алаңында тойланады. Дәстүр бойынша басты жиындар орталық алаңда өтпек . Мұнда 14 киіз үй қойылып, үлкен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Мерекелік кешті сағат 22:00-де отшашу қортындылайтын болады, деп хабарлады ақпараттық орталық.
Семей

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив