KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Зейнетақыдағы өзгерістерді білгіңіз келсе "Ашық есік күні" шарасына қатысыңыз

11.03.2019, 11:06 213

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ 2019 жылдың 19 наурызында Өскемен қаласы, Жеңіс даңғылы 3/2 үй мекенжайында сағат 10:00-де «2019 жылы күшіне енген Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер» тақырыбында «Ашық есік күні» шарасын өткізеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Шараға қатысушылар биыл күшіне енген, зейнетақы заңнамасындағы барлық өзгерістер туралы толыққанды және маңызды мәліметтерді, сондай-ақ өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша ақыл-кеңес ала алады.

«Ашық есік күні» аясында мынадай мәселелер көтеріледі:


- жеке зейнетақы шоттарын автоматты түрде ашу рәсімі;


- азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстар мен қызметтер атқаратын жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын төлеу рәсімін оңайлату;
- Бірыңғай жиынтық төлемді енгізу;


- бекітілген кесте бойынша зейнетақы төлемдерін есептеу;


- зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша өтініш беру.

 

«БЖЗҚ» АҚ салымшылар мен алушыларды және барлық қызығушылық танытқандарды ашық есік күніне шақырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив