KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
446.78 481.81 4.84

Көпбалалы отбасыларға берілетін пәтердің құны белгілі болды

6.03.2019, 10:03 111

 

ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов көпбалалы отбасыларға арналған баспанаға қойылатын шарттарды атады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Комитет басшысының айтуынша, әкімдіктерде үй кезегінде 487 мың адам тұр екен, оның 28 мыңы – көпбалалы аналар. Анықталғандай, олардың көбі әр түрлі кезектерде тұрған: мемлекеттік қызметкер, мүгедек және толық емес отбасы ретінде.

 

-Тұрғын үйдің болжалды бағасы – 8,4 миллион теңге, бұл 60 шаршы метрлік баспана, әр шаршы метрі 140 мың теңгеден айналады, - дейді Мархабат Жайымбетов.

 

Аталмыш бағдарлама ағымдағы жылдың екінші жартысында іске қосылмақ. Аз қамтылған және көпбалалы отбасылар үшін барлығы 42 мың пәтер салынатын болды.

 

- Егер пәтер 8 миллион теңге тұрса, 800 мың теңгені тұрғын үй сертификаты арқылы өтеуге болады. 19 жылға екі пайызбен беріледі: айына 42 мың теңгеден шығады, келесі жылдары шамамен тоғыз жыл бойы 27 мың теңгеден айналады", - деп есептеді  комитет басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив